КҮЙШІ Қ.АХМЕДИЯРОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 80 ЖЫЛ
Қазақтың күй өнеріне айрықша үлес қосқан көрнекті күйші Қаршыға Ахмедияровтың туғанына биыл 80 жыл. Осыған орай өңірде «Күй - ұран» атты гала-концерт өтті. Тағылымды кеште күйшінің шығармашылығы ұлықталып, ұлттық өнердің сабақтастығы сахнада көрініс тапты.