Қазақстанда жалдамалы тұрғын үйді субсидиялау жүйесіне бақылау күшейтілді. 12 шілдеден бастап мемлекеттік қолдау алған азаматтардың жалдап отырған баспанасында нақты тұрып жатқаны тексеріле бастады. Енді әкімдік пен «Отбасы банк» мамандарынан құралған мобильді топтар жалдамалы пәтерлерді аралап, субсидия алушылардың көрсетілген мекенжайда тұруын бақылайды. Бұл бақылау шараларының мақсаты қандай? Тілші тарқатады.