Мемлекеттік қызмет саласындағы жаңа өзгерістерге арналған жиын өтті. Кездесуде Конституцияға және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңға енгізілген жаңашылдықтар түсіндірілді. Жиынға мемлекеттік қызметшілер, жастар мен қоғам белсенділері қатысып, жалпы саны 300-ге жуық адам қамтылды.