Жыл басынан бері облыста қоғамдық тәртіп пен абаттандыру қағидаларын бұзудың 2 мың 500-ден астам дерегі тіркелген. Құқық бұзушылықтың басым бөлігі қоғамдық орындарды ластау, қоқысты белгіленбеген жерге тастау және түнгі тыныштықты бұзу фактілеріне қатысты. Әсіресе жаз мезгілінде өзен жағалаулары, жағажайлар мен демалыс орындарын ластау жағдайлары жиілеген. Мұндай құқық бұзушылықтар үшін қандай жауапкершілік қарастырылған? Тазалық мәдениетін қалай қалыптастыруға болады? Толығырақ тілшіміз баяндайды.