"Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерваты экотуризмді дамытуға бағытталған маңызды орындардың біріне айналып келеді. Биылғы жылдың алғашқы үш айында Атырау өңіріне 37 мыңнан астам турист келген. Оның ішінде мыңға жуық саяхатшы табиғи резерватқа барса, 150-ге жуығы шетелдік қонақтар. Резерваттың туристерге ұсынатын мүмкіндіктері туралы тілші тарқатады.