Жасанды интеллект бүгінде табиғатты қорғау ісінде де кеңінен қолданылып келеді. «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватында екі жылдан бері жұмыс істеп тұрған интеллектуалды бейнебақылау жүйесі осы уақыт ішінде 12 өртті ерте анықтаған. Соның арқасында мамандар оқиға орнына жедел жетіп, тілсіз жаудың таралуына жол бермеген.