Өңірде төтенше жағдайлар қызметінің арнайы көліктеріне кедергі келтіретін заңсыз шлагбаумдар мен қоршауларды анықтау бойынша рейд жүргізілді. Тексеру барысында тұрғын үйлердің аулалары мен кіреберіс жолдары назарға алынды. Нәтижесінде өрт сөндіру және құтқару техникасының қозғалысына бөгет болған 13 кедергі алынып тасталды.