Қазақстандықтардың несие көлемі 25 триллион теңгеге жеткен. Оның басым бөлігін, яғни 10 триллион теңгеден астамын тұтынушылық несиелер құрайды. Сарапшылардың айтуынша, бұл көрсеткіш жыл сайын өсіп келеді. Бұдан бөлек, мемлекет алдындағы берешегін өтемей жүрген азаматтар да аз емес. Қазіргі таңда осындай 20 мыңға жуық атқарушылық іс жүргізіліп жатыр. Жалпы қарыз көлемі 7 миллиард теңгеден асады. Қарызды уақытында өтемеудің салдары қандай? Ал қаржылық қиындыққа тап болған азамат не істеуі керек? Сюжеттен көрейік.