Медицина қызметкерлері күніне орай өңірдің денсаулық сақтау саласы мамандарына құрмет көрсетілді. Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімі Серік Шәпкенов медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, халық денсаулығын сақтаудағы қажырлы еңбектері мен жауапкершілігі жоғары қызметтері үшін алғыс білдірді.