Жастардың баспаналы болу мәселесі - бүгінгі қоғамдағы ең өзекті әлеуметтік тақырыптардың бірі. Тұрғын үй бағасының жыл сайын өсуі мен бастапқы жарнаның жоғары болуы жас буынның өз үйіне қол жеткізуін айтарлықтай қиындатып отыр. Облыста қазіргі таңда тұрғын үй кезегінде 15 мыңнан астам адам тіркелсе, олардың 9 мыңнан астамы 35 жасқа дейінгі азаматтар. Оларға қандай мүмкіндіктер қарастырылған? Қандай арнайы бағдарламалар бар? Ақтоты Өркешбаева айтып берсін.