Атырау облыстық мәслихатының кезекті сессиясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, бюджет кірістері мен тұрғындарды толғандырған бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Өткен жылы облыс мемлекеттік бюджетке 3 триллион 61 миллиард теңге түсіріп, рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 18,6 пайызға жоғары. Бұл туралы кезекті сессия отырысында айтылды. Толығырақ сюжетте.