Аймақта жедел жәрдемнің «103» нөмірі тәулік бойы тынымсыз жұмыс істейді. Күн сайын жүздеген тұрғын көмек сұрап хабарласады. Бірі дене қызуының көтерілгенін айтса, енді бірі ес-түссіз жатқан адам туралы хабар береді. Диспетчерлер әр қоңырауды мұқият тыңдап, науқастың жағдайын анықтайды. Соған сәйкес шақыртудың шұғылдық деңгейі белгіленіп, көмек көрсету кезегі реттеледі.Мамандардың қауырт жұмысымен арнамыздың түсірілім тобы танысты.