Атырауда «JER ECO HUB» экологиялық хакатоны ұйымдастырылып, оған 50-ге жуық оқушы мен студент қатысты. Екінші жыл қатарынан өткізіліп отырған шара жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бастамаларын қолдауға арналды.