Атырауда «Tungi Run» түнгі жүгіру марафоны ұйымдастырылды. Екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған спорттық шара 26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында өткізілді. Облыстық ішкі саясат басқармасының бастамасымен «Тәуелсіз өмір» жобасы аясында өткен марафонға салауатты өмір салтын ұстанатын қала тұрғындары белсенді қатысты.