Бүгінде бәсеке тек инвестиция үшін ғана емес, білікті мамандар үшін де күшейіп отыр. Өңірлерде кадрлар даярланғанымен, Астана мен Алматы сияқты мегаполистер жас әрі белсенді жастарды өзіне тартуда. Мектеп пен жоғары оқу орнын бітірген түлектердің көбі жаңа мүмкіндік іздеп, үлкен қалаларға кетіп жатады. Олардың басым бөлігі ірі қалаларда жұмыс табу, кәсіби даму және тәжірибе жинау мүмкіндігі жоғары деп санайды. Бұл туралы арна тілшісі дайындаған бейнесюжетте.