Өңірде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған ерекше танымдық шара ұйымдастырылды. Шаймардан Сариев атындағы облыстық көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде өткен «Музейлік QUEST» байқауы журналистердің мәдениет пен өнер саласындағы білімін сынап, музей қорымен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді. Зияткерлік сайысқа бес команда қатысып, бес кезең бойынша бақ сынады. Толығырақ келесі сюжеттен көрейік.