Жастарды еңбекке баулып, қоршаған ортаны қорғауға үндейтін республикалық «Жасыл ел – 2026» жастар еңбек жасағының жаңа маусымы Құрманғазы ауданында салтанатты түрде ашылды. Биыл аудан бойынша жоба аясында 170 жасқа квота бөлініп, олар туған өлкені көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстарына қатысады.