14 маусым - Дүниежүзілік қан доноры күні. Осы атаулы күн қарсаңында облыстық ішкі саясаттың қолдауымен облыстық қан орталығында арнайы акция ұйымдастырылды. Небәрі төрт сағат ішінде акцияға 50-ден астам тұрғын қатысып, қан тапсырды. Олардың қатарында алғаш рет донор атанған азаматтар да, тұрақты түрде қан тапсырып жүрген еріктілер де бар.