Құрманғазы ауданының тұрғыны, пауэрлифтингтен әлем чемпионы Ерсейіт Бралин кезекті мәрте ел назарын өзіне аударды. Спортшы салмағы 165,2 тоннаны құрайтын жеті теміржол вагонын 9 метр 75 сантиметр қашықтыққа сүйреп, Қазақстанның жаңа рекордын орнатты. Нәтиже ресми түрде тіркеліп, оған КИНЭС-2026 Қазақстан рекордтар кітабының кейіпкері атағы берілді.