Батыс өңірлік қолбасшылығының материалдық-техникалық базасын нығайту және әскери қызметшілердің жұмыс тиімділігін арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Осы мақсатта өңірдегі 5546 әскери бөлімінің жеке құрамына жаңа қызметтік техникалардың кілттері табысталды. Автокөліктер күнделікті қызметтік міндеттерді орындауға, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және патрульдік қызметті күшейтуге пайдаланылмақ.