«Бақытты отбасы» жобасы аясында республикалық «Oi Sana Art-Fest» балалар байқауы өтті. Өнер додасына 800-ден астам бүлдіршін қатысып, өз қабілеттерін ортаға салды. Шараны «Amanat» партиясының Атырау облыстық филиалы 1-маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырды.