Атыраулықтар жексенбілік таңды спортпен бастады. Қалада өткен “Atyrau Marathon-2026” жарысына 3000-ға жуық адам қатысып, жүгіруден өзара мықтыны анықтады. Олардың қатарында кәсіби спортшылар, жүгіруді хоббиіне айналдырған тұрғындар және шетел азаматтары да болды.