15 мамыр - Халықаралық отбасы күні. Осыған орай өңірде “Менің жанұям” атты жас отбасылар арасындағы спорттық байқау ұйымдастырылды. Сайыс барысында ата-аналар мен балалар түрлі кезеңдерде бақ сынап, командалық тапсырмаларды орындап, ең ұйымшыл отбасы атағы үшін таласты.