Исатай аудандық ауруханасының медициналық базасы жаңа жабдықтармен толықты. «Каспий құбыр консорциумы- К» АҚ медицина мекемесіне заманауи медициналық жабдықтар тарту етті. Аққыстауда өткен салтанатты шарада ауруханаға ультрадыбыстық диагностикалық жүйе, жаңа туған нәрестелерге арналған ашық реанимациялық кешен мен инкубатор табысталды. Жобаның жалпы құны - 78 миллион теңге.