Өңірде ҚР Парламенті Сенатының шахматтан III ашық кубогы – Senat Open 2026 турнирінің ширек финалдық кезеңі ұйымдастырылды. Зияткерлік сайысқа 130-дан астам адам қатысты. Олардың қатарында мәслихат депутаттары, мемлекеттік қызметшілер, дәрігерлер, мұғалімдер, журналистер және түрлі сала мамандары бар.