Халық қаһарманы, батыр ұшқыш Хиуаз Доспанованың туғанына 104 жыл толуына орай «Қанатты қыз Хиуаз» атты еске алу шарасы өтті. Атырау халықаралық әуежайында ұйымдастырылған тағылымды шарада қатысушылар ұшқыштың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, батыр рухына тағзым етті.