Өңір мектептерінде STEAM бағыттарын дамытуға арналған білім беру жобасы басталды. Бағдарлама заманауи оқыту әдістері мен педагогтардың біліктілігін арттыруға негізделген ғылыми-тәжірибелік семинар аясында таныстырылды. Іс-шара «Таланттарды анықтау және қолдау орталығымен» бірлесіп ұйымдастырылды.