Аймақта алғаш рет бизнес, мемлекет, медиа және қоғам арасындағы байланысты нығайтуға арналған “ENERGY REGION TALKS” коммуникациялық форумы өтті. Ауқымды жиынға мемлекеттік орган өкілдері, ұлттық компаниялар, мұнай-газ саласының мамандары, сарапшылар, PR мамандары мен журналистер қатысты. Форумға Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев те қатысып, саланың маңыздылығына тоқталды.