“Digital Ai-El” жобасы аясында әйелдердің құқықтық, қаржылық және цифрлық білімін жетілдіруге арналған семинар өтті. Қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен ұйымдастырылған шараға 35-ке жуық әйел қатысып, мамандардан пайдалы кеңестер алды. Семинар барысында қатысушыларға заң саласындағы өзекті мәселелер, несие рәсімдеу кезіндегі қауіптердің алдын алу, интернет алаяқтықтан қорғану жолдары және жасанды интеллектіні тиімді пайдалану тәсілдері түсіндірілді.