Атырауда белсенді жастар қоршаған ортаны қорғауға бағытталған «Eco plogging» экологиялық акциясын ұйымдастырды. Игі шараға 50-ге жуық жас қатысып, Сұлтан Бейбарыс алаңынан жаяу жүргіншілер көпіріне дейінгі аумақты қоқыстан тазартты.