Өңірде Қазақстан Халық партиясы жақтастарының форумы өтті. Іс-шараға партия төрағасы, ҚР Мәжіліс депутаттары, өңірлік филиал өкілдері, жастар қанатының мүшелері, қоғам белсенділері мен сарапшылар қатысты. Форум барысында азаматтардың қоғамдық-саяси өмірге қатысуын арттыру, жастар бастамаларын қолдау және кадрлық резерв қалыптастыру мәселелері талқыланды. Қатысушыларға партияның негізгі жұмыс бағыттары мен өңірлік жобалары таныстырылды.