Елімізде жүргізушілерді даярлайтын автомектептерге бақылау күшейтілмек. Мәжіліс депутаттары бұл салаға қатысты заң жобасын қарап, оны бірінші оқылымда мақұлдады. Бұған Ішкі істер министрлігінің тексерісі себеп. Тексеру барысында кейбір оқу орталықтарында болашақ жүргізушілер сақтандырылмаған көліктерде оқытылғаны, ал кейбір автомектептердің тек қағаз жүзінде ғана жұмыс істегені анықталған.