Биыл Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өңірлік шекара қызметінің қатары шамамен 70 жас сарбазбен толықты. Отан алдындағы әскери борышын өтеуге келген жас жауынгерлер салтанатты түрде ант қабылдады.Бір ай бойы әскери өмірдің қыр-сырына машықтанған сарбаздар енді еліміздің мемлекеттік шекарасын күзету қызметіне ресми түрде кіріседі.