Өңірде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында сенбіліктер жалғасып жатыр. Бұл жолы игі бастамаға қаладағы бірқатар кәсіпкерлік нысан қызметкерлері атсалысып, Жайық өзенінің жағалауын қоқыстан тазартты. Акция барысында қатысушылар өзен маңына бей-берекет тасталған пластик қалдықтар, шыны бөтелкелер, қағаз және тұрмыстық қоқыстарды жинады. Таңғы уақыттан басталған тазалық жұмыстарына ондаған адам қатысты.