Есту қабілеті шектеулі атыраулық биші Қаракөз Мұрат Өзбекстанда өткен халықаралық «LAZGI» би байқауында ел намысын абыроймен қорғап, арнайы «TÜRKSOY» халықаралық сыйлығына ие болды. Екі жылда бір рет ұйымдастырылатын өнер додасына 15 елден 30 үміткер қатысқан. Қазылар алқасы да түрлі мемлекеттен келген кәсіби мамандардан құралды.