Елімізде жол ережесін жиі бұзатын жүргізушілерге қатысты бақылауды күшейту мәселесі талқыланып жатыр. Елде жүргізушілер үшін айыппұл балдары жүйесін енгізу ұсынылды. Егер бастама қолдау тапса, азаматтар тек айыппұл төлеп қана қоймай, әрбір өрескел құқықбұзушылық үшін арнайы балл жинайды. Ал белгіленген шектен асқан жағдайда жүргізуші куәлігінен уақытша айырылуы мүмкін.