Экстремалды жүргізу әуесқойлары үшін арнайы мотоспорт орталығын ашу жоспарланып отыр. Соңғы жылдары өңірде бұл спорт түріне қызығушылық артып, оған қатысушылар қатары да көбейіп келеді. Бүгінде мотоспортпен тек ересектер ғана емес, балалар мен жасөспірімдер де белсенді айналыса бастаған.