Алимент, тұрғын үй мәселесі және бұғатталған шоттар - бүгінде атыраулық тұрғындарды ең көп толғандыратын мәселелердің қатарында. Осыған байланысты өңірде «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Тегін заңгерлік көмек» акциясы ұйымдастырылып, тұрғындарға тегін кеңес берілді.