7 мамыр - Отан қорғаушылар және 9 мамыр - Ұлы Жеңіс күніне орай “Сармат” мамандандырылған мектеп-лицей интернатында патриоттық рухтағы салтанатты жиын ұйымдастырылды. Іс-шара барысында білім ордасының 16 оқушысы салтанатты түрде әскери ант қабылдады.“Ерлікке тағзым - ұрпаққа аманат” атты тағылымды шараға оқушылардың ата-аналары, жақын туыстары мен ұстаздары қатысып, жас сарбаздарға ақ жол тілеп, қолдау көрсетті.