Өңірде 7 мыңнан астам ерекше білімді қажет ететін бала бар. Оларға сапалы білім мен қолайлы орта қалыптастыру мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Солардың бірі – педагогтердің біліктілігін арттыру. Осы бағытта өткен өңірлік форумға Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарынан 150-ге жуық маман қатысты. “Арнайы және инклюзивті білім беру: сапалы білімге тең қолжетімділік” тақырыбындағы жиында қатысушылар тәжірибе алмасып, саладағы өзекті мәселелерді талқылады.