Қалада оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған Есо Lab экологиялық бұрышы ашылды. "Таза Қазақстан" бағдарламасы аясындағы маңызды жоба Ақжар ауылындағы №44 мектеп-гимназиясында қолға алынды. Кең ауқымды жоба шеңберінде ата-аналардың қолдауымен мектеп ауласына тал егілді. Олардың қатарында жеміс ағаштары да бар. Осылайша ұстаздар мен оқушылар табиғатқа деген жанашырлығын ерекше форматта көрсетті.