«Ән-ғұмырдың алтын арқауы». Осындай атаумен қазақ музыка өнерінің көрнекті өкілі, белгілі композитор Ілия Жақановтың 90 жылдығына арналған атты қалалық ән байқауы ұйымдастырылды. Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық филармонияда өткен салтанатты шараға қала мен ауылдық округтердің талантты орындаушылары жиналды.