Облыс бойынша наурыз айында 179 мың талапкер Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтті. Олардың 70 пайызы шекті ұпай жинаған. Ал барлық сұраққа дұрыс жауап берген атыраулық оқушы Жазира Кеңесова 140 балл жинаған. Оқушының сөзінше, бұл жетістік - жүйелі дайындық, ұстаздар мен ата-ана қолдауының нақты нәтижесі.