Достық үйінде «Адал азамат – жауапты азаматтың бейнесі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Жиында елжанды, жауапты ұрпақтың қандай болуы керектігі талқыланды. Шараға мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың және жастардың өкілдері қатысып, қоғамдық келісім мен өскелең ұрпақ тәрбиесі мәселелерін көтерді.