Азаматтық тәрбие, құқықтық мәдениет және жастардың әлеуметтік жауапкершілігі тақырыбында өңірде кеңес отырысы өтті. Диалог алаңына облыс әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов қатысты. Сондай-ақ жиынға мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың және жастар бірлестіктерінің өкілдері жиналды. Қатысушылар негізгі назарды жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға және құқықтық сауаттылықты арттыруға аударды.