Өңір экологиясы – бүгінгі күн тәртібіндегі ең өзекті мәселелердің бірі. Осыған орай аймақ ғалымдары мен сала мамандары дөңгелек үстелде бас қосып, жасыл экономика, энергия тиімділігі және мұнай-газ саласының экологиялық трансформациясы мәселелерін кеңінен талқылады. Жиында өндірістік аймақтардың қоршаған ортаға әсері, көміртек ізін азайту жолдары және өңірдің тұрақты дамуы да назардан тыс қалған жоқ.