ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова өңірге жұмыс сапары аясында «Келешек мектебіне» барып, білім ордасының тыныс-тіршілігімен танысты. Кездесу барысында министр педагогтердің сауалдарына жауап беріп, білім беру бағдарламасына енгізілетін өзгерістер туралы айтты.