Хадиша Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының гастрольдік сапары басталды. 15–17 сәуір аралығында театр ұжымы көрермен назарына өз репертуарындағы үздік қойылымдарды ұсынады. Бағдарламаға қазіргі қазақ театр өнерінің түрлі бағыттарын қамтитын 6 спектакль енгізілген. Сондай-ақ афишада қазақстандық драматургтердің авторлық туындылары мен әлемдік классика үлгілері бар.