Өңірге белгілі ақын Маржан Ершудің туған күніне орай «Ләйлідей ыстықсың, Мәжнүндей құмартсам» атты шығармашылық кеш ұйымдастырылды. Рухани басқосуда ақынның әдебиеттегі орны айшықталып, құрмет ретінде гүл шоқтары ұсынылып, арнайы профессорлық атақ табысталды. Ғашықтар күнімен тұспа-тұс келген кеште қаламгердің махаббат пен өмірді арқау еткен жырлары оқылып, көрерменге ерекше әсер сыйлады.