Елімізде бұралқы иттерді жансыздандыру тәсілі енгізілуі мүмкін. Жуықта мәжіліс қабырғасында «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң қайта қаралған еді. Депутаттардың айтуынша, бұған дейін қабылданған заң аясындағы иесіз жануарларды стерилизациялау, вакцинациялау және оларды табиғи мекен ету ортасына қайта жіберу тәсілі тиімсіз болып отыр. Өйткені соңғы жылдары қаңғыбас иттен келер қауіп көбейген. Мәселен, биыл 41 мыңнан астам адамды ит қапқан.